БҚО: Интернетте өлтірілген әйелдің жалаңаш суретін таратқандар іздестірілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында алты полицей әлеуметтік желіге қылмыстық іс материалдарын таратқаны үшін жазаға тартылды. Қазіргі таңда БҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы Ішкі істер басқармасының маңынан табылған өлі әйелдің суретін тарату фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы.

БҚО ІІД бастығының орынбасары Талғат Ахаевтың айтуынша, 2017-2018 жылдары әлеуметтік желіге материалдар таратқаны үшін 6 полиция қызметкері тәртіптік жауапқа тартылған.

«Қазір ІІД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы 18 наурыз күні өлтірілген әйелдің суретін тарату фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізуде. Оны кім суретке түсіріп, таратқаны анықталып жатыр. Сондай-ақ, Орал-Ақсай тасжолында «Ауди» көлігімен соқтығысқан патрульдік автокөліктің бейнетіркегішіндегі видеоларды әлеуметтік желіге тарату фактісі бойынша тергеу жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша жергілікті полиция қызметінің екі қызметкері тәртіптік жауапқа тартылды», - деп мәлім етті Талғат Ахаев.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде қылмыстық іс материалдарының полиция қызметкерлеріне ғана мәлім деректері пайда бола бастады. 19 наурыз күні түнгі клубтан кейін өлтірілген жалаңаш әйелдің суреттері бүтін елге тарады. Сондай-ақ 1 наурызда Орал-Ақсай тасжолында патрульдік машина шетелдік көлікпен соқтығысып, 2 наурызда қазнетте жол апатына түскен патрульдік машинаның бейнетіркегішіндегі видеолар жарияланды.