ОРАЛ. KAZINFORM — Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің келісімімен Махамбет Амантайұлы Сұлтанғалиев Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы лауазымын тағайындалды.
Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім еткеніндей, Махамбет Сұлтанғалиев 1981 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары.
Махамбет Амантайұлы 2000-2019 жылдары мемлекеттік органдардың әртүрлі құрылымдарында жұмыс атқарды.
Сондай-ақ 2019-2020 жылдары «Батыс Қазақстан облысының экологиялық-географиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары, баспасөз хатшысы, 2020-2023 жылдары Халықаралық құқық қорғау орталығы БҚО филиалының басшысы, кәсіби медиатор, баспасөз хатшысы болды.
2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Сонымен қатар «Арман-Орал» қайырымдылық қорының басшысы, «Amanat» партиясы БҚО филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы болып қоғамдық жұмыстарды атқарды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Болат Мешеловтің БҚО статистика департаментіне басшы болғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).