ОРАЛ. KAZINFORM — 18 шілдеден бастап Ресей Федерациясы бағытында Батыс Қазақстан облысының «Сырым» автомобиль өткізу пунктінде 100-ге жуық жүк автокөлігі тұрып қалды.
БҚО мемлекеттік кірістер департаментінен мәлім еткеніндей, шекаралас Самара облысында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуі кептелістің негізгі себебі болып отыр.
«Осыған байланысты мемлекеттік шекарадан өту кезінде баламалы қозғалыс бағыттарын пайдаланып, «Ақсай», «Шаған» және «Тасқала» автомобиль өткізу бекеттері арқылы жүруді ұсынамыз. Департамент қызметкерлері жергілікті жерлерде баламалы маршруттар бойынша шекарадан өту мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. «Сырым» автомобиль өткізу бекеті штаттық режимде жұмыс жасауда», - деп хабарлады ведомстводан.
Ресеймен шекарада жүк көліктерінің кептеліске ұшырауы бір бұл емес.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ресеймен шекарада 200-дей жүк көлігі тұрып қалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).