Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша ұлттық құрама алғашқы ойында АҚШ құрамасымен 0:0 есебімен тең түсті. Ал шешуші ойында Оңтүстік Американың мықты құрамаларына қарсы сәтті өнер көрсетіп жүрген тәжірибелі Перу командасын 1:0 есебімен жеңді.
Матчтағы жалғыз жеңіс голын Болат Жанымхан соқты. Сондай-ақ ұлттық құраманың қақпашысы бірнеше қауіпті сәтте командасын құтқарып, тарихи жеңіске үлкен үлес қосты.
-Бұл - Қазақстанның Вlind футбол тарихындағы алғашқы халықаралық трофей. Жеңіс құтты болсын!,-делінген хабарламада.
Осыған дейін футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалы қашан өтетінін жаздық.