Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 18:30-де басталады.
Биыл отызыншы мәрте жалауын көтеретін турнир 20-26 тамызда Омбы қаласындағы «G-Drive Арена» спорт кешенінде болады. Оған елордалық клубтан өзге Ресейдің «Авангард» (Омбы) «Локомотив» (Ярославль), «Сибирь» (Новосібір) және «Трактор» (Челябі) командалары қатысады.
Елордалық клубтың бапкерлері аталған турнирге қатысатын команда құрамын жариялады.
Ойыншылар тізімі төмендегіше:
Қақпашылар: Юхан Маттссон, Владимир Никитин, Артём Шестаков.
Қорғаушылар: Натан Больё, Уилл Бутчер, Никита Волосенков, Аслан Жүсіпбеков, Никита Камалов, Хақназар Кеңесбай, Артём Королёв, Кирилл Никитин, Глеб Решетько, Абылайхан Сүлейменов.
Шабуылшылар: Даниил Апальков, Олег Бойко, Андрей Буяльский, Дамир Жафяров, Всеволод Логвин, Владислав Кодола, Никита Колобов, Майкл Маклауд, Әлихан Өмірбеков, Коннор Смит, Егор Смольянинов, Семён Симонов, Асанәли Саркенов, Аңсар Шайхмедденов, Уэйд Эллисон.
Айта кетсек, биыл Дэвид Немировски «Барыс» хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды.