АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін елордалық «Барыс» командасы Ресейдің Омбы қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден Блинов кубогында екінші ойынын «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де басталады.
Биыл отызыншы мәрте жалауын көтеретін турнир 20-26 тамызда Омбы қаласындағы «G-Drive Арена» спорт кешенінде болады. Оған елордалық клубтан өзге Ресейдің «Авангард» (Омбы) «Локомотив» (Ярославль), «Сибирь» (Новосібір) және «Трактор» (Челябі) командалары қатысады.
Аталған турнирде «Барыс» бұдан кейін 24 тамызда 14:00-де «Трактор» (Челябі), 25 тамызда 11:00-де «Локомотив» (Ярославль) клубтарымен шеберлік байқасады.
Айта кетсек, елордалық клуб алғашқы ойынында Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына овертаймда 3:4 есебімен есе жіберді.
Еске салсақ, былтыр «Барыс» шайбалы хоккейден Блинов турнирінде жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ биыл Дэвид Немировски «Барыс» хоккей клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.