— Педагогтардың еңбекақы қорынан миллиардтаған қаражаттың ұрлануы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Оқу-ағарту министрлігі және Қаржы министрлігімен бірлескен шаралардың нәтижесінде тәуекелді басқару жүйесі енгізіліп, бірыңғай бұлтты бухгалтерия құрылып жатыр Күмәнді төлемдерге (соманың артық көрсетілуі, жеке және банк деректерінің бұрмалануы) онлайн-мониторинг жүргізіліп, яғни Қазынашылық органдары салыстырады, негізсіз төлемдер бұғатталады, — деді Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, цифрлық шешімдер мектептердің бухгалтерлік есеп жүйесін бірыңғай етуге мүмкіндік берді.
— Бұл еңбекақы қорынан ұрлықты толығымен жойып, «өлі жандар» алаяқтық әрекетіне жол бермейді. Осы тәсілді жыл соңына дейін денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, туризм, экология және басқа да салаға енгізу жоспарланып отыр, — дейді ол.
Еске салсақ, 2024 жылы Антикор білім саласында жемқорлық жасау фактісі бойынша 302 қылмыстық іс тіркеді.