Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда қамауда отыр — Сыртқы істер министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Сыртқы істер министрлігі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеу жарияланған блогер Қайсар Қамзаның Вьетнамда қамауда отырғанын мәлімдеді.

Фото: qais_arr/instagram

— Қолда бар ақпаратқа сәйкес, бұл азамат Вьетнам аумағында қамауда отыр. Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. Экстрация Бас прокуратура құзыретінде және осы органдардан тиісті мәлімдеме болады, — деді ҚР СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев.

Бұған дейін заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Хамзаның ұсталғаны жайлы ақпарат тараған.

Еске сала кетейік, Қазақстан Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының азаматы, 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған Қамза Бақытжанұлына халықаралық іздеу жариялады.

Бүгін ҚР Бас прокуратурасы Вьетнамда жүрген блогер Қайсар Қамзаға қатысты жағдайға түсініктеме берген еді.