Шенеуніктің мәліметінше, бұдан бөлек тәулігіне тағы 5 миллион баррель мұнай балама бағыттар арқылы жеткізіледі.
Агенттік АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы басталғанға дейін Ормуз бұғазы арқылы күніне шамамен 20 миллион баррель мұнай тасымалданғанын еске салды.
Бұған дейін Иранның Женевадағы БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Али Бахрейни Ормуз бұғазы коммерциялық кемелер мен халықаралық теңіз қатынасы үшін ашық екенін растаған болатын.
Айта кетейік, Ирак мұнайын тиеген танкер Ормуз бұғазынан өтті.