Boeing-737 ұшағының шассисіз қонуын видеоға түсірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 қыркүйекте Boeing-737-34 ұшағы Папуа провинциясы Вамена қаласының әуежайына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Абырой болғанда, әуе кемесінің экипажы төтенше жағдай салдарынан жапа шеккен жоқ.

Бұл туралы видео жариялаған Reuters агенттігі хабарлады, деп жазды Lenta.ru.

BBC Indonesia ақпаратынша, 14 тонна жанар майы бар Trigana Air Service әуе компаниясының ұшағы жанар-жағар ұшу-қону жолағымен екі шақырым жүріп тоқтаған.