Орта салмақтағы боксшылар жекпе-жегі он раундтан тұруы тиіс болған, бірақ Юбэнк жекпе-жекті бұрын аяқтады. Жұдырықтасу кезінде қабырғасы сынған Авдиян бесінші раундқа шығудан бас тартты.
Осылайша, Крис Юбэнк кәсіби мансабында 31-ші жеңісіне (соның 23-і нокаутпен аяқталған) қол жеткізсе, Авдиян екінші рет жеңіліс тапты.
Еске сала кетсек, бұған дейін Юбэнк қазақстандық чемпион Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) талай рет жекпе-жекке шақырп келеді. Британдық спортшы WBA нұсқасы бойынша әлемнің «уақытша» чемпионы болған.