Видеоны Twitter-аккаунтта przemek garczarczyk жариялады.
Екінші раундта Дортикостың ауыр соққысы қарсыласының басына дәл тиді. Тәлтіректеген ресейлік құлап түсті. Есеңгіреген Кудряшов орнынан тұра алмай жатқанда айқас тоқтатылды.
Енді WBSS жартылай финалында Дортикос ресейлік Мұрат Гассиев пен поляк Кшиштоф Влодарчик арасындағы жекпе-жекте жеңіске жеткен былғары қолғап шеберімен кездеседі.
31 жастағы Кудряшов өз мансабында екінші рет жеңіліс тапты. Оның қоржынында 21 жеңіс (барлығы нокаутпен) бар. 31 жастағы жеңіліп көрмеген кубалық 22 жекпе-жегінде (21-і нокаутпен) басым түскен.
It's OVER in San Antonio. Dorticos by 2 rd KO. #DorticosKudryashov #boxing pic.twitter.com/CcUECKTtKE
— przemek garczarczyk (@garnekmedia) 24 сентября 2017 г.