Өз кезегінде Мемлекет басшысы да спортшыларды құр қол қайтармады.
ҚР бокс федерациясының басшылығына, спортшылар мен бапкерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарын табыс етілді.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанда өткен бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдаған болатын. Қазақстан құрамасы Ташкенттегі додада 4 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды. Спортшыларға Президент құттықтау да жолдаған еді.