Алғашында турнир Иорданияның Амман қаласында өтуі жоспарланған еді. Бірақ ресми мәліметтер бойынша, биылғы жылы чемпионат Таиландтың Чиангмай қаласына өзгертілді.
Жарыс бұрын белгіленген күндер ішінде, яғни 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.
Айта кетейік, соңғы рет Таиланд Азия чемпионатын 2019 жылы қабылдаған еді.
Еске сала кетейік, Қазақстан бокс федерациясы World Boxing құрамына енгенін хабарлаған едік.