АСТАНА. KAZINFORM – Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Әйгерім Сәттібаева жартылай финалға жолдама алды.
Әйгерім 48 келіге дейінгі салмақта филиппиндік Офелия Маньомен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек тартысты өтіп, төрешілер шешімімен жеңіс Ә.Сәттібаеваға берілді.
Ә.Сәттібаева – белгілі боксшы, Азия чемпионы, Рио Олимпиадасына қатысқан Олжас Сәттібаевтың зайыбы, бес баланың анасы. 2010 жылы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған Әйгерім спортқа ұзақ үзілістен кейін өткен жылы оралған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Диас Молжігітовтің жартылай финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Дулат Бекбауов малайзиялық боксшыны нокаутпен ұтты.
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатының жартылай финалына өтті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).