Бокстан әлем чемпионаты: Виктория Графеева алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем біріншілігінде бірінші кездесуін еш қиындықсыз еңсерді.

60 келідегі боксшымыз Донета Садикудан (Косово) 3:2 есебімен басым түсті.

ҚР Бокс федерациясы баспасөз қызметі мәліметінше, ендігі жекпе-жек 9 қыркүйек күні Люси Кингске (Англия) қарсы болмақ.

Бұған дейін Төрехан Сабырхан Ливерпульдегі әлем біріншілігін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

70 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Төрехан үшін дебюттік кездесу сәтті болды. Отандасымыз алжирлік боксшы Эсуф Яичемен тартысқа толы жекпе-жек өткізді.

Үшінші раундта Төрехан екі мәрте қарсыласын есеңгіретіп, төреші есеп ашты. Осылайша қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті.