Бокстан әлем чемпионаты: Нұрбек Оралбай ширек финалға жолдама алды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
Азия чемпионатының қола жүлдегері Н.Оралбаев 80 келіге дейінгі салмақта түркиялық Каан Айкутсунмен жұдырықтасты.
Бірінші раундта төрешілер түгелдей Нұрбек басым деп тапты. Ол екінші, үшінші кезеңде де сол қарқынынан танған жоқ. Төрешілер есебі – 5:0, Н.Оралбайдың пайдасында.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).