Бокстан әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтардың алғашқы қарсыласы кімдер

АСТАНА. KAZINFORM — 28 қараша — 3 желтоқсан аралығында Ташкентте (Өзбекстан) өтетін әлем кубогының финалдық кезеңінің жеребесі тартылды.

Фото: ҚР ҰОК

Жеребенің нәтижесі бойынша қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды.

Ерлер

50 келі. ¼ финал

Даниял Сәбит — Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан)

70 келі. ¼ финал

Фарух Тоқтасынов — Ихтиер Нишинов (Қырғызстан)

75 келі. ¼ финал

Аман Қонысбеков — Сергей Сергеев (Ресей)

80 келі. ¼ финал

Өнер Сейілхан — Алмаз Орозбеков (Қырғызстан)

85 келі. ½ финал

Сұлтанбек Айбарұлы жартылай финалда Идар Занилов (Ресей) пен Норбек Абдуллаевтың (Өзбекстан) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен жұдырықтасады.

90 келі. ½ финал

Дәулет Төлемісов — Харш Чаудхари (Үндістан)

Әйелдер

57 келі. ¼ финал

Карина Ибрагимова — У Ши И (Қытайлық Тайбэй)

70 келі. ¼ финал

Бақыт Сейдіш — Ян Лю (Қытай)

75 келі. ¼ финал

Шұғыла Нәлібай — Елена Гапышина (Ресей)

80 келі. ¼ финал

Валерия Аксенова — Найна (Үндістан)

80 келі. ½ финал

Дина Исламбекова — Альфия Пазан (Үндістан)

Еске салайық, бұған дейін дзюдодан Азия кубогы кезеңінде ел намысын 27 спортшы қорғайтынын хабарлаған едік.