Дзюдодан Азия кубогы кезеңінде ел намысын 27 спортшы қорғайды
АСТАНА. KAZINFORM — 4-5 желтоқсан аралығында Сыхуэйде (Қытай) дзюдодан Азия кубогының кезеңі өтеді.
Аталған бәсекеде ел намысын 27 спортшы қорғайды.
Ерлер
60 келі: Нұрдәулет Мейрамбеков, Мәди Серіков, Сұңғат Нұрлатұлы;
66 келі: Нұрсұлтан Зайзағалиев, Ердәулет Бозша;
73 келі: Бақытжан Әбдірахманов, Әнуар Жұмагелдин;
81 келі: Мәди Амангелді, Асқар Нарқұлов, Ерзат Арғынов;
90 келі: Ақжол Дүйсенбаев;
100 келі: Айбол Нысанәлі, Әділет Сапарғалиев;
100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев.
Әйелдер
48 келі: Ғалия Тынбаева, Аяна Дүйсенбай;
52 келі: Меруерт Сәрсенова;
57 келі: Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева;
63 келі: Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева;
70 келі: Мөлдір Нарынова, Ажар Асхат;
78 келі: Аруна Жангелдина, Шынар Абатова;
78 келіден жоғары: Назгүл Маратова, Толқын Тұрсынақынова.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан дзюдодан кадеттер арасындағы Гран-при кезеңін алты медальмен аяқтағанын жазған едік.