АСТАНА. KAZINFORM – Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Диас Молжігітов жартылай финалға жолдама алды.
Қазақстандық боксшы 75 келіге дейінгі салмақта ширек финалда жапониялық Дайга Сунагамен жұдырықтасуы тиіс болатын.
Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткеніндей, жапон спортшысының шаршы алаңға шыға алмайтыны белгілі болды. Осылайша, Диас Молжігітов 8 желтоқсан күні финал жолдамасы үшін Украина-Түрікменстан жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады. Диас кемінде қола жүлде алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Махмұд Сабырханның қарсыласын нокаутпен жеңгенін хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ бесінші жарыс күнінде кімдерге сенім артатынымызды жаздық.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).