Бокстан Азия чемпионаты: Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутпен ұтты

АСТАНА. KAZINFORM – Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында төртінші жарыс күні Қазақстаннан алғашқы болып шаршы алаңға Махмұд Сабырхан шықты.

махмуд
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта қытайлық Тайбэй өкілі Ян-Лин Лаймен қолғап түйістірді.

Бірінші раундта-ақ қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға жібергеннен кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Махмұд Сабырхан жартылай финалға шығу үшін шри-ланкалық Джаянат Кумармен таласады.

Бүгін сондай-ақ Аида Әбікеева мен Милана Сафронова алғашқы жекпе-жектерін өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық екі боксшының Азия чемпионатын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Ұлжан Сәрсенбек ширек финалға шықты.

Соңғы жаңалықтар