15:13, 02 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Бокстан Азия чемпионаты: Ұлжан Сәрсенбек ширек финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM - Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Ұлжан Сәрсенбек ширек финалға шықты.

Жастар арасында әлем және Азия чемпионы Ұ.Сәрсенбек 57 келіге дейінгі салмақта алғашқы жекпе-жегін украиналық Карина Вовкпен өткізді.
Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер түгелдей жеңісті Ұлжанға берді - 5:0.
Бүгін тағы бір қазақстандық Алуа Балқыбекова сырқаттанып қалуына байланысты рингке шыға алмады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық екі боксшының Азия чемпионатын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.