АСТАНА. KAZINFORM – Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Сымбат Әлиасқар жарыс жолын аяқтады.
Сымбат 54 келіге дейінгі салмақта ¼ финалда қытайлық Вэньцянь Сюмен шеберлік байқасты.
Бұл жекпе-жекте төрешілер бірауыздан жеңісті қытайлық боксшыға берді.
Осылайша, қазақстандық екінші боксшы Азия чемпионатын жүлдесіз аяқтады. Бұған дейін Алуа Балқыбекова ауырып қалуына байланысты рингке шықпаған еді.
Азия біріншілігі одан әрі жалғасуда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Диас Молжігітовтің жартылай финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Дулат Бекбауов малайзиялық боксшыны нокаутпен ұтты.
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатының жартылай финалына өтті.
Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева жүлдегерлер қатарына қосылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).