АСТАНА. KAZINFORM - Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Жазира Орақбаева қола жүлдені қанағат тұтты.
Жазира 52 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Феруза Казаковамен жұдырықтасты.
Төрешілер үш раунд бойы өзбекстандық боксшы басым деп тапты. Қорытынды есеп: 5:0.
Осылайша, бүгін шаршы алаңға шыққан қос отандасымыз өзбекстандық боксшыларға жол берді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында 9 қазақстандықтың финалға шығу үшін таласатынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Әйгерім Сәттібаева қола жүлдегер атанды.
Ә.Сәттібаева 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Фарзона Фозиловамен шеберлік байқасты. Екі боксшы да аянып қалған жоқ. Төрешілер шешімімен жеңіс өзбекстандық спортшыға берілді - 4:1.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).