АСТАНА. ҚазАқпарат - Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін бір боксшымыз алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әйелдер құрамасынан Назым Қызайбай 3 қарашада таиландтық Раксат Чутхаматпен қолғап түйістіреді.
Назым Қызайбай 1993 жылы дүниеге келген. 2012 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанса, 2014, 2016 жылдарда алтыннан алқа тақты.
2021 жылы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.
Айта кетейік, 2 қарашада ел құрамасынан үш боксшымыз сынға түсті. Олардың қатарынан Сәкен Бибосынов (51 келі), Серік Теміржанов (57 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Ал Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Азия чемпионаты 13 қарашаға дейін жалғасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.