ОРАЛ. ҚазАқпарат – Бокстан Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Біріншілік қорытындысында қазақстандықтар 20 медаль (5 алтын, 3 күміс, 12 қола) жеңіп алды.
Медальдар есебінде Өзбекстан боксшылары 21 медальмен (14 алтын, 4 күміс, 3 қола) көш бастады.
Үздік үштікті Таиланд құрамасы (3 алтын, 4 күміс, 2 қола) түйіндеді.
Жалпыкомандалық есеп:
1. Өзбекстан — 14-4-3
2. Қазақстан — 5-3-12
3. Таиланд — 3-4-2
4. Моңғолия — 1-4-4
5. Филиппин — 1-1-2
6. Қытай — 0-4-1
7. Вьетнам — 0-1-3
8. Непал — 0-1-3
9. Индонезия — 0-1-1
9. Камбоджа — 0-1-1
11. Қырғызстан — 0-0-7
12. Тәжікстан — 0-0-3
13. Сингапур — 0-0-1
13. Индонезия — 0-0-1
13. Малайзия — 0-0-1.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан жастар арасында Азия чемпионатында Қазақстан қыздар құрамасының үздік үштікті түйіндегенін жазған болатынбыз.
Ашық көздерден алынған фото
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).