Ел біріншілігінде барлығы ерлер мен әйелдер арасында 20 салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынып жатыр. Боксшылар 30 қазан-1 қараша аралығында алдын ала жекпе-жекте сынға түсті.
Одан кейін 2-3 қарашада ширек финал болса, 4-5 қараша күндеріне жартылай финал белгіленген. Ал 6 қарашада боксшылар финалда бас жүлдені сарапқа салады.
48 келі. Айгерім Сәттібаева (Жамбыл облысы) – Гүлназ Бөрібаева (Қарағанды облысы);
51 келі. Анита Адишева (Қарағанды облысы) – Жансая Рахымберді (Шымкент қаласы);
54 келі. Назым Қызайбай (Алматы қаласы) – Элина Базарова (Шымкент қаласы);
57 келі. Ұлжан Сәрсенбек (Түркістан облысы) – Шахназ Исаева (Алматы қаласы);
60 келі. Виктория Графеева (Алматы қаласы) – Анар Тұрсынбек (Жетісу облысы);
65 келі. Аида Әбікеева (Қарағанды облысы) – Лаура Есенкелді (Шымкент қаласы);
70 келі. Бақыт Сейдіш (Алматы қаласы) – Аружан Жаңабаева (Түркістан облысы);
75 келі. Шұғыла Нәлібай (Түркістан облысы) – Азиза Исина (Қарағанды облысы);
80 келі. Надежда Рябец (Қостанай облысы) – Айдана Убайдуллақызы (Қарағанды облысы);
80 келіден жоғары. Елдана Талипова (Алматы) – Дина Исламбекова (Қарағанды облысы).
Енді 5 қарашада ел біріншілігіндегі ерлер арасында жекпе-жектер өтеді. Бұл бәсекедегі күндізгі сессия 14:00-ге белгіленсе, кешкі сессия 17:00-де басталады.
Айта кетейік, бұған дейін бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында финалға кімдер шыққанын жаздық.