Бокстан Қазақстан біріншілігінде ерлер арасында бас жүлдеге кімдер таласады

АСТАНА. KAZINFORM – Тараз қаласында бокстан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында ерлер арасында 10 салмақ бойынша финалдық сынға өткен спортшылар белгілі болды.

Фото: olympic.kz

Ел біріншілігінде барлығы ерлер мен әйелдер арасында 20 салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынып жатыр. Боксшылар 30 қазан-1 қараша аралығында алдын ала жекпе-жекте сынға түсті.

Одан кейін 2-3 қарашада ширек финал болса, 4-5 қараша күндеріне жартылай финал белгіленген. Ал 6 қарашада боксшылар финалда бас жүлдені сарапқа салады.

50 келі. Нұрзат Оңғаров (Жамбыл облысы) – Диас Берікбай (Жетісу облысы);

55 келі. Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда обл) – Бексұлтан Хужанжар (Шымкент қаласы);

60 келі. Бибарыс Жексен (Жамбыл обл) – Әділбек Қожахан (Жетісу обл);

65 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Түркістан облысы) – Абзал Серік (Шымкент қаласы);

70 келі. Фарух Тоқтасынов (Алматы қаласы) – Елнұр Сүйінбай (Жамбыл облысы);

75 келі. Аман Қонысбеков (Түркістан облысы) – Нұрбек Мурсал (Алматы қаласы);

80 келі. Санжар-Әли Бегалиев (Шымкент қаласы) – Өнер Сейілхан (Батыс Қазақстан облысы);

85 келі. Темірлан Мұқатаев (Астана қаласы) – Сұлтанбек Айбарұлы (Алматы қаласы);

90 келі. Сағындық Тоғамбай (Түркістан облысы) – Дәулет Төлемісов (Ақтөбе облысы);

90 келіден жоғары. Данияр Рахымбердинов (Алматы қаласы) – Ерсұлтан Сапар (Алматы қаласы).

Айта кетсек, бұдан бұрын Қазақстан чемпионатында әйелдер арасында 10 салмақ бойынша финалдық сынға өткен боксшылар белгілі болды.