Бокстан Қазақстан біріншілігінде әйелдер арасында кімдер финалда кімдер кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM – Тараз қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында әйелдер арасында 10 салмақ бойынша финалдық сынға өткен боксшылар белгілі болды.

бокс
Фото: ҚР ҰОК

Ел біріншілігінде барлығы ерлер мен әйелдер арасында 20 салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынып жатыр. Боксшылар 30 қазан-1 қараша аралығында алдын ала жекпе-жекте сынға түсті.

Одан кейін 2-3 қарашада ширек финал болса, 4-5 қараша күндеріне жартылай финал белгіленген. Ал 6 қарашада боксшылар финалда бас жүлдені сарапқа салады.

48 келі. Айгерім Сәттібаева (Жамбыл облысы) – Гүлназ Бөрібаева (Қарағанды облысы);

51 келі. Анита Адишева (Қарағанды облысы) – Жансая Рахымберді (Шымкент қаласы);

54 келі. Назым Қызайбай (Алматы қаласы) – Элина Базарова (Шымкент қаласы);

57 келі. Ұлжан Сәрсенбек (Түркістан облысы) – Шахназ Исаева (Алматы қаласы);

60 келі. Виктория Графеева (Алматы қаласы) – Анар Тұрсынбек (Жетісу облысы);

65 келі. Аида Әбікеева (Қарағанды облысы) – Лаура Есенкелді (Шымкент қаласы);

70 келі. Бақыт Сейдіш (Алматы қаласы) – Аружан Жаңабаева (Түркістан облысы);

75 келі. Шұғыла Нәлібай (Түркістан облысы) – Азиза Исина (Қарағанды облысы);

80 келі. Надежда Рябец (Қостанай облысы) – Айдана Убайдуллақызы (Қарағанды облысы);

80 келіден жоғары. Елдана Талипова (Алматы) – Дина Исламбекова (Қарағанды облысы).

Енді 5 қарашада ел біріншілігіндегі ерлер арасында жекпе-жектер өтеді. Бұл бәсекедегі күндізгі сессия 14:00-ге белгіленсе, кешкі сессия 17:00-де басталады.

Айта кетейік, бұған дейін бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында финалға кімдер шыққанын жаздық.