НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Надежда Рябец Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Страндж кубогы турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық боксшы 75 келіде ресейлік Елена Гапешинамен шаршы алаңға шықты. Қарсыласы - 2021 жылғы Ресей біріншілігінің күміс жүлдегері болатын.
Ал 21-жастағы Надежда Рябец жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанса, жастар арасында Азия чемпионы тұғырына көтерілді.
Ол Солтүстік Қазақстан облысының атынан сынға түсіп жүр.
Бұл жеңісі арқылы Надежда Рябец турнирде кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізе алады.
Аталған турнир мамандар арасында «кіші әлем чемпионаты» деген атауға ие.
Еске салсақ, бұдан бұрын екі дүркін әлем чемпионы Назым Кызайбай жартылай финалға жолдама алған еді.
Сондай-ақ, Дина Жоламан (54 келі) да жартылай финалға шықты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.