АСТАНА. KAZINFORM — Черногорияның Будва қаласында бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Турнир аясында жартылай финал жекпе-жектері аяқталды. Оның қорытындысы бойынша төрт қазақстандық боксшы ақтық сынға шықты. Бұл туралы ҰОК мәлім етті.
Алина Құдайгенова (57 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Зарина Толыбай (80 келіден жоғары), Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) алтын медаль үшін жұдырықтасады.
Ал Мадира Жұмақан (51 келі), Индира Қыдырмолдаева (60 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі), Еркетаң Жарқынбек (90 келі) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, финал 27 қазан күні, Астана уақытымен 18:00-де басталады.
Бұған дейін Бағдат Сабаз әлем чемпионатында Қырғызстан балуанын жеңгенін жаздық.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)