Бағдат Сабаз әлем чемпионатында Қырғызстан балуанын жеңді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық балуан Бағдат Сабаз Астанада өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті.
67 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз алғашқы айналымда Қырғызстан өкілі Раззак Бейшекеевпен белдесті.
Кездесу қорытындысы бойынша Бағдат Сабаз 8:4 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.
ҚР ҰОК мәліметінше, күрес түрлерінен әлем чемпионаты 1 қарашаға дейін жалғасады.
Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілгенін жазған болатынбыз.
Балуан Исхар Курбаев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.