Қазақстандық балуан Исхар Курбаев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық балуан Исхар Курбаев Астанада өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде Үндістан өкілі Лалиттен басым түсіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Айта кетейік, бүгін, 25 қазанда, тағы бір қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали (60 келіге дейін) қола медаль үшін белдеседі.
Еске салайық, бұған дейін Алматбек Аманбек грек-рим күресінен әлем чемпионатының жартылай финалына өте алмағанын хабарлаған едік.