«Болашақ» бағдарламасы аясында тек 61 адам ғана докторантура деңгейінде білім алып жатыр - ҚР БҒМ вице-министрі

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Докторантура ғылыми әлеуеті бар жоғары оқу орындарында орналастырылады. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде бұл ведомствоның вице-министрі Мұрат Орынханов мәлім етті.

«Біз докторантураны белгілі бір ғылыми әлеуеті бар жоғары оқу орындарына орналастырамыз. Егер де бұндай ғылыми әлеуеті жеткіліксіз болса, біз «Болашақ» бағдарламасын пайдалануды ұсынамыз. Дегенмен де аталған бағдарлама бойынша бүгінде шетелде оқып жүрген 2 мың 400-інің ішінен тек 61-і ғана докторантура деңгейінде білім алып жатыр. Ал АҚШ-та 7 докторант қана оқып жүр. Алайда қазіргі кезде әр ЖОО мен әрбір ғылыми зерттеу институттары докторанттар мен білікті кадрлар керек деп жар салып жүр»,-деді вице-министр.