«Болашақ» бағдарламасының трансформациясы, техникалық бағыттар, жаңа реформа жасау мәселесі бойынша да жұмыс жүргізіледі. Жоғары оқу орындарының, университеттердің академиялық дербестігін кеңейтеміз. Техникалық мамандықтар бойынша биылдың өзінде грантар саны 40-тан 60 пайызға дейін көбейеді. Қосымша да гранттар бөлінетін болады», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.
Айта кетейік, Президент бұған дейін Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлауды тапсырған еді.15:32, 27 Қаңтар 2022
«Болашақ» бағдарламасы трансформацияланады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Болашақ» бағдарламасы трансформацияланады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.