Бұл туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде өткен кеңесте талқыланды. Кеңесте облыс тұрғындарына сапалы және фармацевтикалық қызметтер көрсету, дәрі-дәрмектер бағасына мониторинг жүргізу мәселелері қаралды.
«Елбасы алдымызға өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сырттан келетін тамақтар санын шектеу тапсырмасын қойды. Өңдеу кәсіпорны жұмысқа толық көлемде тартылуы тиіс. Бұл үшін өндірістік ауыл шаруашылық кооперативтерін қалыптастыру және қолдау жұмыстарын жалғастырған жөн. Болашақ ірі шаруашылықтардың қолында», - деді Бердібек Сапарбаев.
Айта кету керек, Ақтөбе облысында күнбағыс майын шығару 48%-ға өсті. 2015-2016 жылдары «Ақтөбе ет кластері» ЖШС мен «Айбек» ЖШС жаңа нысандарын іске қосудың арқасында өңірдегі ет өндіру кәсіпорындарының қуаты 12,2 мың тоннаға артты. Қазір аудандарда 10 ет өңдеу, 5 сүт өңдеу цехтары жұмыс істеп тұр. Ірі сүт өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаты 44,2%, ет өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаты 71,3% артты.
Өткен жылы 72 ауыл шаруашылық кооперативі құрылса, олардың 39-ы ет өндіруге мамандандырылған, тағы 13-і сүт өндірумен, 14-і бір уақытта мал және егін шаруашылықтарымен, 4 кооператив дәстүрлі емес ауыл шаруашылық түрімен айналысады.
Зада Зейін