Үшінші орын үшін өткен кездесуде Гватемаланың Club Holcattes командасы Өзбекстанның FC OLYMPIC PHYGITAL клубымен бақ сынасты. Матчта өзбекстандық ұжым 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз гол ойынның физикалық кезеңінде соғылды. Ал цифрлық кезең 0:0 есебімен аяқталды.
Турнир финалында Мексиканың Quetzales-Armadillos командасы мен Уругвайдың NS Team ұжымы кездесті.
Негізгі тартыс 3:3 есебімен тең аяқталды. Цифрлық кезеңде мексикалық команда 1:0 есебімен басым түскенімен, физикалық кезеңде NS Team қарымта қайтарып, кезеңді 3:2 есебімен өз пайдасына шешті.
Жеңімпазды анықтау үшін пенальти сериясы өткізілді. Онда уругвайлық команда дәлірек ойнап, 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, жарыс қорытындысы бойынша Уругвайдың NS Team командасы алтын медаль иеленді. Мексиканың Quetzales-Armadillos ұжымы күміс жүлдеге қол жеткізсе, қола медаль Өзбекстанның FC OLYMPIC PHYGITAL командасына бұйырды.
Айта кетейік, кеше қазақстандық Team KZ Phygital Shooter CS 2 дисциплинасы бойынша чемпион атанды.