«Болашақ ойындары – 2026» турниріне қатысу үшін Астанаға мәртебелі қонақтар келіп жатыр

АСТАНА.KAZINFORM – «Болашақ ойындары – 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турниріне қатысу үшін Астанаға мәртебелі қонақтар келді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, елордадағы халықарлық әуежайға Тәжікстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің вице-президенті Дилшод Жамолидинович Назаров пен Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев және Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрі Фарид Фазиль оғлы Ғаибов спорттық делегаттармен бірге келіп жетті. 

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Әуежайда мәртебелі қонақтарды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев қарсы алып, қазақ халқының ұлттық салт-дәстүріне сай құрмет көрсетілді. Бұл – қазақтың қонақжайлығы мен ұлттық мәдениетінің жарқын көрінісі.

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

«Болашақ ойындары – 2026» турнирі спорт, цифрлық технологиялар және халықаралық достықты тоғыстыратын айтулы алаңға айналмақ.

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

 

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Айта кетейік, сондай-ақ бүгін елордаға Біріккен Араб Әмірліктерінің спорт министрі Ахмед Бельхул келді.

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Құрметті мейманды Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Бауыржан Рапиков қарсы алып, алдағы халықаралық турнир аясындағы іс-шараларға сәттілік тіледі.

Қазақы қонақжайлық дәстүріне сай әуежайда БАӘ делегациясына ұлттық тағамдар ұсынылып, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрі таныстырылды.

Ахмед Бельхулдың сапары Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және фиджитал спортты дамыту бағытындағы халықаралық әріптестікті кеңейтуге серпін береді. 

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Айта кетейік, «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирінің ашылу салтанатына бірқатар мемлекет басшылары қатысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейтін болады.