АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Team KZ командасы «Болашақ ойындары – 2026» жарысындағы Phygital Shooter финалының виртуалды бөлігінде басым түсті. Ал жарыстың физикалық бөлігі – лазертагта ресейлік LIGA PRO TEAM 6:1 есебімен жеңіске жетті. Енді чемпиондық атақтың тағдыры үшінші ойында шешіледі.
«Болашақ ойындарының» алғашқы кезеңдерінен бастап LIGA PRO TEAM осы дисциплинадағы ең мықты қатысушылардың бірі саналды. Команда турнирдің алдыңғы сатыларынан сенімді өтіп, финалда да өз мәртебесін дәлелдеп, есепті жылдам теңестірді.
Енді чемпиондық атақтың тағдыры үшінші ойында шешіледі. Командалар қайтадан виртуалды кезеңге оралып, CS2 ойынындағы Nuke картасында соңғы матчты өткізеді.
Екі ойыннан кейінгі финалдық қарсыласудағы есеп тең – 1:1.
Бұған дейін қазақстандық Novaq командасы қола жүлдеден қағылды.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.