Болат Сақаев әлем чемпионатында Испания балуанын жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық балуан Болат Сақаев Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті.

Фото: ҚР ҰОК

Еркін күрестен 86 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз Испания өкілі Габриэль Иглесиаспен кездесті. Нәтижесінде Болат қарсыласын 4:0 есебімен жеңді.

ҚР ҰОК мәліметінше, Болат Сақаев келесі айналымға өтті.

Айта кетейік, Асыл Айтақын мен Санжар Досжанов әлем чемпионатында қарсыласына еш мүмкіндік бермей, жеңіске жетті.

Балуан Едіге Қасымбек әлем чемпионатын жеңіспен бастады.