ОРАЛ. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Болат Жұмағалиев Орал қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Болат Әлібекұлы прокуратура органдарындағы қызметін 2011 жылы Алматы қаласында аудан прокурорының көмекшісі лауазымынан бастады.
Сондай-ақ аудан прокурорының аға көмекшісі, бөлім аға прокуроры, Алматы қаласы прокуратурасының басқарма аға прокуроры, Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің аға прокуроры, Бас прокурордың көмекшісі қызметтерін атқарды.
2023 жылдан бастап Түркістан облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы қызметін атқарып келді.
Прокуратура органдарындағы жалпы еңбек өтілі — 14 жыл.
Осыған дейін Орал қаласының прокуроры болған Мейірхан Ізімов басқа қызметке ауысты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да прокуратураның араласуымен 468,5 млн теңге мемлекетке қайтарылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).