Боран, қар, көктайғақ: «Қазгидромет» бірнеше өңірде ескерту жариялады

Фото: Александр Павский / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — 11 желтоқсанда еліміздің шығысында, оңтүстігінде, сондай-ақ орталық аймақтарында күннің күрт суытуы күтіліп отыр. Ал батыс және оңтүстік аймақтарда қар жауып, боран соғуы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Сондай-ақ көктайғақ елдің жоғарыда аталған бөліктерінің жүргізушілеріне кедергі болуы ықтимал.

Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, екпіні 15-30 м/с дейін жететін қатты жел тұрады.

Ескерту жарияланған өңірлер:

Жамбыл облысында таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстік-шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жолдарда көктайғақ. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 24-29 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз күтіледі.

Алматы қаласының жолдарында көктайғақ күтіледі.

Қонаев қаласының жолдарында көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с.

Күннің екінші жартысында Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с.

Түркістан қаласында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түнде Маңғыстау облысының орталығында кей уақыттарда қатты қар, облыстың оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қаласында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с.

Күндіз Қызылорда облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші 15-20, облыстың шығысында 25 м/с күтіледі.

Қызылорда қаласында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде және таңертен Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.

Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және облыс орталығында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Түнде Атырау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Еске сала кетсек, ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылғанын жаздық.