ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда боран мен жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты өңірдегі бірқатар жол жабылды.
«Республикалық маңызы бар «Шемонаиха-РФ шекарасы» тасжолында, Семей қаласы мен Қалбатау ауылының аралығында және «Қалбатау-Ұлан» тасжолында көліктің барлық түрлеріне қатынауға тыйым салынған. Сондай-ақ Герасимовка ауылы мен Семей қаласы арасындағы жолда тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне және жолаушы таситын көліктер қозғалысына шектеу енгізілді», - делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ШҚО-да қатты жел салдарынан бірінші ауысымдағы оқушылардың мектепке бармайтындығы хабарланған.