Боранға байланысты Қазақстанның 4 облысының аумағында жолдар жабылды

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанның төрт облысының аумағында жолдар жабылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда боранға байланысты Ақмола облысы бойынша «Екатеринбург-Алматы» жолының 1014 -1247 шақырымы аралығындағы Жалтыр мен Астана аралығында, сондай-ақ 1278- 1353 шақырымы аралығындағы Астана мен Аршалы учаскесінде қозғалыс шектелді. Бұдан бөлек «Астана-Петропавл» жолының 18 -231 шақырымындағы Астана мен Бурабай аралығы жабылды. Қарағанды облысы аумағында «Екатеринбург-Алматы» жолының 1425- 1353 шақырымындағы Теміртау мен Ақмола облысы шекарасы аралығында қозғалыс шектелді. Ақтөбе облысы аумағында «Самара -Шымкент» жолының 753- 1240 шақырымындағы Ақтөбе мен Қызылорда облысы және Ақтөбе мен Атырау шекарасы аралығындағы жолдар жабылды. Қостанай облысындағы «Жезқазған-Петропавл» жолының 255 -377 шақырымындағы Қарағанды облысы мен Ақмола облысы шекарасы аралығында қозғалыс шектеулі. «Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, қазіргі кезде республика бойынша бес жүзден астам арнайы техника жолдарға кезекшілікке шықты.