Өз жас санатында ұландық 200 метрге кешенді жүзуден және 100 метрге брасс әдісімен жүзуден бірінші орын иеленді. Сондай-ақ 50 метрге еркін жүзу, 50 метрге брасс әдісімен жүзу және 100 метрге шалқалап жүзуден үш күміс медальға қол жеткізді.
— Чемпионаттың есте қаларлық сәттерінің бірі әскери қызметші қазақстандық жүзудің танымал өкілдерімен бір жолда сынға түсті. Ол ұлттық құраманың жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Геннадий Гордиенкомен және 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландинмен бір жүзу жолағында бақ сынады. Жас спортшы үшін мұндай бәсекелестік өз мүмкіндігін тағы бір мәрте сынап, жоғары нәтиже үшін күресуге мүмкіндік берді, — делінген хабарламада.
Тамыз айында Бурабай көлінде өткен X-WATERS Kazakhstan 2026 халықаралық жүзу жарысы да спортшы үшін нәтижелі өткен. Нұртас Әлібеков 500 метрге жүзуде үшінші орын алып, 3×500 метрлік командалық эстафетада күміс жүлдеге ие болды.
Ұландық үшін жүзу әлдеқашан әуесқойлықтан асып, дене дайындығының маңызды бөлігіне айналған. Жаттығу мен жарыс кезінде қалыптасқан тәртіп пен төзімділік оның әскери қызметінде де өз көмегін тигізіп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Қазақстан кубогының жеңімпазы атанған болатын.