Отырыс барысында кәсіпкерлер сен сарапшылардың ұсыныстары мен шағымдарына жауап берген ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин заң жобасына ұзақ мерзімде өзгеріс енгізбей отыру мүмкін емес екенін айтты.
- Бір кодекс жасап, сосын оған 3-4 жыл өзгеріс енгізбеуге ұсыныс жасалды. Бірақ олай болмайды. Әлем күнделікті өзгеріп отырады, реформалар жыл сайын өтеді. Ал салық барлық саланы қамтиды. Сондықтан бір салада өзгеріс болғанда әрдайым салалық заңнамаға өзгеріс енгізіледі. Біз өзгеріс енгізбеуге дайынбыз. Бірақ ондай жағдайда бизнес пен «Атамекен» ҰҚП-ның өзі заңға өзгеріс жасауға итермелейтін болады, - деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин.
Еске салайық, Президент жаңа Салық кодексін қабылдау мерзімін келесі жылға ауыстыруға болатынын айтты.
Бұған дейін жаңа салық кодексінде төлемдер саны 77-ге азайып, 6 алым түрі қысқартылатынын жазғанбыз.
Сондай-ақ жаңа салық кодексінде жоспарлы салықтық тексерулер алынып тасталмақ.
Оған қоса, жаңа заң жобасы бойынша ескі көлік салығы 50%-ға төмендейді.