Өткен тәулікте ТЖМ қызметкерлері 165 мәрте адам құтқаруға аттанды, деп хабарлайды Kazinform.
Оның 76-сы — өрт, 67-сі — іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстар.
Бұл ретте 65 адам құтқарылып, эвакуацияланды.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа райының өзгеруін, жол жабылғаны туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарға шықпауға шақырады.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.