Кітаптарды тапсыру рәсімі барысында Қазақстан Республикасының Елшісі Төлежан Барлыбаев шығармашылығы құлықтылық пен гуманизм жоғары мұраттарының камертонына айналған Абай рухани мұрасының жаһандық маңызын атап өтті. ХХІ ғасырда адамзат тап болып отырған өркениеттік сын-қатерлер аясында Абай әлемін зерттеудің өзектілігі атап өтілді. Дипломат Абайдың словак және ағылшын тілдерінде жарық көрген кітаптар жинағы оқырмандардың кең ауқымын қызықтыратынына сенім білдірді.
Братислава университетінің кітапханасы (ULB) – Словакиядағы ең көне, үлкен және ең көп баратын кітапхананың бірі. 1919 жылы негізі қаланған ол ұзақ уақыт бойы Словакияның Ұлттық кітапханасы болып, мекеменің кітап қоры 2,5 миллион басылымнан асты. Классикалық басылымдардан басқа жинаққа ғылыми-зерттеу еңбектері мен диссертациялар, электронды құжаттар, библиографиялық мақалалар, ғылыми дәйексөздер индекс сериялар, сондай-ақ, мерзімді басылымдардың 1100 атауын қамтитын PROQUEST дерекқоры кіреді.