Бүгінде Бразилияда 1066 адамның індет жұқтырғаны анықталған.
Сонымен қатар, тағы 513 тұрғын маймыл шешегін жұқтырды деген күдікпен тіркеуге алыныпты. Ал, аталған вирустан 41 жастағы бразилиялық көз жұмды.
Испанияда 3750 адам індеттің ілмегіне ілінген. Оның ішінде 120 тұрғын ауруханада ем алып жатыр.
Қазіргі таңда Испанияда маймыл шешегінен екі адам қайтыс болды.
Бұрын хабарлағанымыздай, Америка Құрама Штаттары маймыл шешегін жұқтыру бойынша көш бастап тұр.