Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, тікұшақтардың бірінде бес адам, екіншісінде ұшқыш болған. Апат салдарынан олардың барлығы қаза тапты.
Қаза тапқандардың арасында бразилиялық музыкалық продюсер, аргентиналық бейнережиссер, аргентиналық YouTube-блогер Гаспар Прим және әлемдік турнесі аясында Бразилияда жүрген америкалық әнші әрі ән авторы Оливер Три болған.
Оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу амалдары басталды.
Соқтығысудан кейін тікұшақтар электромобильдер сататын автосалонның автотұрағына құлаған. Соның салдарынан шамамен 20 көлік өртеніп кетті.
Дереккөздің мәліметінше, мәйіттердің қатты күйіп кетуіне байланысты қаза тапқандардың жеке басын әзірге анықтау мүмкін болмай отыр.
Айта кетейік, өткен жылдың соңында АҚШ-та Enstrom F-28A және Enstrom 280C тікұшақтары Хаммонтон әуежайы маңында әуеде соқтығысқан еді. Ол кезде әр әуе кемесінің бортында тек ұшқыштар болған.
Ал осыдан екі күн бұрын Үндістанда әскери ұшақ апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты.
Өткен айда АҚШ-тың Айдахо штатында өткен әуе шоуы кезінде екі ұшақ соқтығысты.